«Bike Fest.kz Балқаш-Нұрсая 2010» мотосаяхатшылардың халықаралық байқауы 4-ші рет өтеді

АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Балқаш көлінің жағасында шілденің 16-сы мен 18-і аралығында «Bike Fest.kz Балқаш-Нұрсая 2010» мотосаяхатшылардың халықаралық байқауы өтеді.
None
None

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған 3 мыңға тарта адам қатысады. Ресей, Германия, Австрия, Польша, Америка, Италия, Австралия, Жапония, Украина, Молдова, АҚШ тағы да басқа әлем елдері қалаларынан қатысушылар мен қонақтар келеді.

Фестиваль бағдарламасында байкер байқаулар, атап айтқанда фестиваль қонақтарының қатысуымен Paintball, мотокросс бойынша дәстүрлі чемпионат, Қазақстанның танымал жұлдызды топтары және ди-джейлерінің қатысуымен концерт өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мотофестиваль Қазақстан Республикасы туризмі мен мәдениетінің дамуына, Президенттің Балқаш көлін сақтау және аймақтағы туризмді дамыту жөніндегі бағдарламасына қосылуға, көршілес достық қарым-қатынасты сақтауға бағытталған.

Бұл жобаны «Балқаш-Нұрсая» туристік кешені Мемлекет басшысының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің, ҚР туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар