Билік қоғамның көңіл-күйіне жедел назар аударуы қажет - саясаттанушы

"Америкалық әлеуметтанушы, саясаттанушы Олвин Тоффлер саяси жүйенің "респонсивтілігі" деген ұғым енгізді. Яғни, саяси жүйе қоғам сұрағына қалай жауап береді, оны қалай іріктейді, белгі қай жерде өзгереді, қалай өңдейді, белгі беруі және ол белгілерді xалық қалай қабылдайды, осы мәселелер осы ұғымға кіріктірілген. Ақпараттық қоғамның ықпалы, қазақстандық қоғам өзгере бастады. Біз ақпараттық қоғам болдық деуге де болады. 2014 жылы "Нұр Отан" партиясы жанындағы қоғамдық саясат институтында қызмет еткенімде, біз өзіміз үшін талдау жасадық - қандай сарындағы ақпараттық xабарламалар қоғамның ашуын келтіреді. Ол кезде 7 негізгі тақырып болды - жолда жүру ережелерінің өзгеруі, девальвациялық жаңалықтар, еуразиялық ықпалдастық, тарифтің жоғарылауы, ірі шараларды өткізудің қисындылығы және тағы басқа. Біз барлығын өлшеп отырдық. Екі жыл өтті, енді 2017 жылғы қаңтардағы жағдай қандай!? Бір айда ақпараттық аяда қаншама шу орын алғанын қараңыздаршы. Ақпараттық қысымның деңгейі бірнеше есеге артқан", - деді Саясат Нұрбек "Жаңғырту 3.0: Экономикалық және саяси дамудың даңа кезеңі" атты конференцияда.
Саясаттанушының атап өткеніндей, мұндай жағдайларда биліктің жедел назар аударуы өте маңызды.
"Негізгі ньюсмейкерлер Барак Обама немесе Дональд Трамптың твиті 6,5 секундта тарап кетеді. Сондықтан кез келген негативке көңіл аударудың жылдамдығы да жоғары болуы тиіс. Себебі бір сағатта берілген жауаптың тиімділігі жоғары. Майамиде болған соңғы атысты алайық. Үш сағат өтпей жатып Обама xалық алдында сөйлеуге мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдай бұны тасасынан тыс қалдырмауға итермеледі. Жағдайға баға беріп, Ақ Үйдің нақты жоспарын жария етті. Бізде назар аудару мерзімі - бір және екі тәулік", - деді Саясат Нұрбек.