Билік өкілдерінің «командамен жүруін» жіті бақылап отырмыз – Анар Жайылғанова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова «билік өкілдерінің командамен жүруін бақылап отырсыздар ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Билік өкілдерінің «командамен жүруін» жіті бақылап отырмыз – Анар Жайылғанова

«Мемлекеттік қызметшілердің «командамен жүру» ықтималдығын жіті бақылап отырмыз. Бұл көрсеткіш белгілі бір пайыздан аспауы керектігін қадағалаймыз. Сөзсіз бұл біздің міндет. Егер белгілі бір облыста әкім өзімен бірге қызметкерлерінің 7 пайызын алып кетсе – әр қызметкер өзінің барған лауазымына лайықты екенін дәлелдеуі керек. Кез келген қызметкер конкурстық іріктеуден өтуі тиіс», - деді Анар Жайылғанова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік төрағасының айтуынша, бұл конкурсқа бірінші басшының өзі қатыса алмайды.

«Сол себепті бұл мәселе біздің бақылауда деп айта аламын», - деді ол.