Билік пен халық электронды жүйемен тілдеседі

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыста 2006-2008 жылдарға арналған ?Электронды әкімдік? құру бағдарламасы толық жүзеге асырылды.
None
None
Ендігі жоспар ? бағдарламаны дамыту, үкіметтік жүйеге қосылу. Бұл бағыттағы жұмыстар барысы жайлы ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімінің меңгерушісі Индира Ақжігітовамен сұхбаттасқан болатын. И. Ақжігітованың айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бастап, облыс жайлы жан-жақты мәліметтер www.e-kyzylorda.kz порталына топтастырылды. Порталда 40-тан астам қызмет түрлері болса, оның 20-ға жуығы интерактивті жүйеге негізделген. Демек, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер туралы облыстың қай түкпірінен, тіпті әлемнің кез-келген нүктесінен болса да порталда аты-жөні көрсетілген лауазым иелеріне ұсыныс, тілектерін жолдай алады. Тек сауал қоюшы ондағы көрсетілген сұрақ берудің шарттарын орындаса болғаны. Ал облыс әкімімен тікелей тілдесу үшін ?виртуалды терезе? қызметін пайдалануға болады. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ?Мемлекеттік сатып алу туралы? Заңға байланысты тендер шарттарын да осы порталда жариялайды. «Өткен жылдың қараша айында облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың интернет-конференциясы өткізілді. Ондағы түскен сұрақтар мен ұсыныстарды тақырыпқа бөліп іріктегеннің өзінде артық-кемі жоқ 92 мәселе көтеріліпті. Жыл аяғына қарай облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы да жұртшылықпен интерактивті байланысқа шықты. Алғашқы қадам бұл жүйенің тиімділігін дәлелдеді. Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кесте бойынша тұрғындар талап-тілектеріне жауап беретін болады. Ол үшін осы құрылымдардан арнайы модератор белгіленеді», дейді бөлім меңгерушісі. Облыс бойынша ?Электронды әкімдіктің? 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы мақұлданып, оны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 704 миллион теңге қаржы бөлінді. Бірінші кезеңде қаралған 225 миллион теңге бағдарламаны жетілдіру, үкіметтік жүйеге қосылу жұмыстарына жұмсалады. Осы жерде айта кетер жайт, былтырғы жылы қабылданған Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жобасында ?Электронды үкімет? құру билік пен бұқара арасындағы қатынастарды түбегейлі өзгертуге негіз болатындығы айтылған. Демек, бұл жоба заманға сай жаңарып, дамып отырады. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің жариялылығына бағытталған бірқатар шаралар қолға алынады. Тіпті билік өкілдері мен қарапайым халықтың бейнеконференция арқылы тілдесер күні де қашық емес. Тек осыны кейбір басшылардың түсінбейтіндігі қынжылтады. Мысалы, 2007-2008 жылдары облыс бюджетінен 114 миллион теңге қаржы қарастырылып, жергілікті органдарда электронды құжат айналым жүйесін енгіздік. Бірақ қазір облыс бойынша жаңа жүйемен жұмыс істеп отырған мемлекеттік қызметкерлер жоқтың қасы. Сондықтан да қаржының игерілуі ғана емес, жұмыстың нақты нәтижелерге бағытталғанда ғана жемісті боларын түсінетін кез жеткен сияқты.
Соңғы жаңалықтар