Біліксіз дәрігер медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды

«Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты өзінің кәсіби қызметін атқаруда біліксіздік көрсеткен деген айып тағылған Қорғалжын аудандық ауруханасының жедел жәрдем фельдшеріне қатысты қылмыстық істі қарады», - деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сол ауданның тұрғыны өзінің кәмелет жасына толмаған қызының ыстығы көтерілгендіктен үйіне жедел жәрдем қызметін шақыртуға мәжбүр болған. Жедел жәрдем фелдшері үйге келісімен педиатор-дәрігерінің нұсқауы бойынша баланың бұлшық етіне иньекция салған. Ол салған иньекциядан кейін сәби сол аяғын басқанда ауырсынатын болған, кейіннен тік тұрудан, тіпті жүруден қалған.
Шарасыз ана баласын Астанадағы «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығының неврология саласының мамандарына көрсетіп, толық зерттеуден өткізген. Ол жерде балаға «сол жақ құйымшақ жүйкесінің зақым келуінен пайда болған нейропатия» деген нақтама қояды. Сарапшылар комиссиясы Қорғалжын аудандық ауруханасы фельдшері иньекция қою барысында жүйке жүйесін зақымдап, баланың денсаулығына аурылығы орташа дәрежедегі нұқсан келтірген деген қорытындыға келген.
ҚР ҚК 10-бабына сәйкес жедел жәрдем фельдшерінің жасаған әрекеті ауырлығы орташа қымыс түріне жатқызылады.
Сот үкімімен азаматшаҚР ҚК 114-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айрылды.
Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 210 784 теңге материалдық шығын мен 400 000 теңге моральдық нұқсан өтемін төлейтін болды.
Сот үкімі заңды әлі күшіне енген жоқ.