Билікті басып алуды насихаттап, терроризм актісіне дайындалған тұрғын 15 жылға сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті елорда тұрғыны Ш-ға қатысты сот шешімі заңды күшіне енгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында қаралды.

Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұру, Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелдеді.

Айыпты 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.


Соңғы жаңалықтар