Білікті мамандар даярлау бойынша білім жүйесіне өзгерістер енгізу қажет - М. Бұлытай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жоғары білікті мамандар даярлау бойынша білім жүйесіне өзгерістер енгізу қажет деп ойлаймын. Бүгін Алматыда инвесторларға арналған жаңа ынталандыру топтамасының тұсаукесері барысында «Mynaral Tas Company» ЖШС бас директоры Мұртаза Бұлытай осындай пікір білдірді.
None
None

Мен мұны осы білім саласына қатысым бар адам ретінде, студенттерге көп жылдар дәріс берген ұстаз ретінде айтып отырмын. Білім саласы стратегиялық маңызы бар бағыт. Ол мемлекеттің дамуына, келешегіне кепіл бола алатын сала. Қазір елімізде жоғары оқу орындарын бітіріп жатқан жастардың біліктілігі өте жоғары деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Біз мысалы өзіміз жұмысқа алған азаматтарды қаржы бөліп шет елдерде оқытып жатырмыз. Бір өкініштісі, 1-2 жыл бізде біліктілігін шыңдап алған жас мамандар жаңадан салынып жатқан басқа өндіріс орындарына кетіп қалып жатады. Дегенмен, еңбек нарығындағы мұндай тұрақсыздықтардың бірте-бірте жойылатындығына сенімім мол. Өйткені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында осы білім беру мен жол қатынастарының инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ал бүгінгі жарияланып жатқан ынталандыру шаралары ғажап. Олар Қазақстанды инвестиция салуда өте тартымды мемлекетке айналдыра түседі» - деді М. Бұлытай.

Айта кетелік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар бойынша комитеті мен Экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» Ұлттық агенттігі ұйымдастырған бүгінгі шараға Қазақстаның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ЕВРОБАК) атқарушы директоры Юлия Кусиди, шет елдік инвесторлар мен отандық іскерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар