Біліктіліктерін арттырған мұғалімдерге сертификаттар табысталды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесе дайындаған 1 және 2-деңгейлік бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырған мұғалімдерге сертификаттар табысталды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, педагогикалық шеберлік орталығының филиалында қызылордалық 326 педагог курстан өтті. Курс кезінде ұстаздар Жапонияның ұлттық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Тошия Чичибумен кездесті. Тошия Чичибу сондай-ақ ауыл, қала мектептерінің мұғалімдеріне арнап шеберлік сабағын өткізді. Мұғалімдермен қатар мектептердің басшылары да Астана қаласында жаңа бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова ұстаздар қауымына ізгі тілегін жеткізді. Одан кейін сертификат тапсыру рәсімі болды. Сондай-ақ педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары И.Саттаров, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің ректоры Қ.Бисенов, облыстық білім департаментінің бастығы Н.Байқадамов құттықтау сөздерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар