Білім - әр жылда әлемде әйелдердің кірісін 10 пайызға арттырады

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Білім - әр жылда әйелдердің кірісін 10 пайызға арттырады. Бұл туралы Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Даму» қорының басшысы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, әйелдердің кірісінің төмен болуының басты себептерінің бірі - лайықты білімнің жоқтығы. Орта есеппен алғанда білім - әр жылда әлемде әйелдердің кірісін 10 пайызға арттыруға себепкер болады. Бұл тұрғыда қазақстандық нәзік жандылардың айқын басымдықтары байқалып отыр.

Бүгінде әйелдер қауымы бизнес сауаттылығын арттыруға молынан қызығушылық танытуда. Соңғы үш жылда 33 мың адам оқытылса, олардың 8 пайызы өз істерін ашқан екен.

Л. Ибрагимованың сөзіне қарағанда, бұдан бөлек, қордың «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер бизнестің жаңа заманғы моделін, қарамағындағы кәсіпорнын тиімді басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және тактикалық бизнес тапсырмаларды шешуді үйренеді. Оқыту «Назарбаев Университетінің» бизнес-мектебі базасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар