Білім беру мәселелерін талқылаған жиын өтті - Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың жүргізуімен білім беру мәселелерін талқылаған жиын өтті,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің бастықтары және мектеп директорлары қатысты. Жиында талқыланған бірқатар мәселе бойынша облыстық білім басқармасының бастығы Ләззат Базарқұлова баяндама жасады.
Алғашқы кезекте облыста 2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаның жобасы барысына тоқталып өткен Ләззат Тілеубайқызы облыста білім саласын дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғандығын тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы білім бюджеті 61,1 теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Соңғы бес жылда облыста 44 мектеп салынып, оның ішінде 17 білім шаңырағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында бой көтерді. Биылғы жылы 95 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, оның 24-і «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Облыста мектепке дейінгі 416 мекеме жұмыс істесе, оның 91-і балабақша, 325-і шағын орталық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 25184 бала қамтылған, ол мектепке дейінгі балалардың 25,6 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 18,3 мың бүлдіршін тұр. Осыған орай облыстық білім басқармасының бастығы өз сөзінде «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облысымызда бірқатар шара белгіленгендігін айтып өтті. Демек, 2010-2014 жылдар аралығында мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерді пайдалануға енгізу кестесі құрылды. «Жол картасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін балабақшалардың тізімі жасалынды. Үстіміздегі жылы 15,1 мың орындық 131 мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар