Білім беру ұйымдарын аттестациялау өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әріптестерінен балабақшаларды аттестациялауға қатысты құжаттарды қабылдауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздегі мемлекеттік аттестация жалпы өзгереді. Оның ішінде қазір балабақшалардың мемлекеттік аттестациясы мәселесін де өзгертіп жатырмыз. Бүгін секциялық отырыстар барысында осы қазіргі уақытта нақты айындалған құжаттарды қабылдауларыңызды сұраймын. Оны біз балабақшалардың өздерімен келісуіміз керек. Бізге керегі, аттестациядан өткізген кезде тек қана үстінен жүріп өтпей, жалпы қажетті критерийлерді көріп, қажетті сауал жүргізу», - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында тамыз конференциясы аясында «Білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі» тақырыбында панельдік сессияның жалпы отырысы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram