Білім берудің дәстүрлі форматына оралу қажетті шара – Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім берудің дәстүрлі форматына оралу қажетті шара. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Білім берудің дәстүрлі форматына оралу қажетті шара. Ата-аналардың басым бөлігі мұғалімдер мен оқушылар бұл жаңалықты көптен бері күтті. Таяуда ведомствоаралық комиссия жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады», - деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында.

Министрдің атап өтуінше, білім берудің дәстүрлі форматына оралу балабақшаларға да, колледждер мен жоғары оқу орындарына да қатысты.

«Біз үшін балалардың қауіпсіздігі маңызды мәселе. Қажетті ұйымдастырушылық дайындықты қамтамасыз етуге тиіспіз. Санитарлық шектеулерді, ең алдымен маска режимін сақтау керек. Екінші - кварцтау, дезинфекциялау режимі. Үшінші – сыныптың бір кабинетте болуы. Яғни, кабинеттік жүйе алынып тасталады. Бір сынып бекітіледі. Үзіліс те әртүрлі уақытта болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар