Білім - ең басты ел байлығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі нарықтық пен шындық, білім мен мәдениет жаңа технологиялардың дамуы, парасатты, саналы, ой-түйсіктері алғыр, экономикамыздың дамуын үздік ойлылықпен басқаратын жастарды тәрбиелеуде.    
None
None

Қазақстан жедел дамыды, әрі табысты 50 елдің қатарынан сап түзеді. Экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, жаһандық бәсекеге қабылеттілігін арттырды.

Әлемдік дағдарыс, жүрісі жылдам дәуір дамыған алпауыт елдердің өзіне теріс ықпалын тигізуде. Осындай қиын сын-сағаттарында жұмылып, ауыз біршілік танытуда - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жан-жақты жастарға сапалы білім берумен қатар, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды тұлға қалыптастыру жолында айрықша беделге ие.

Өнімді еңбек пен сапалы білім, бизнес ұғымдарын жете түсінген саналы ұлтжанды мамандар дайындауда, ұлттық мәдениетіміздің, экономика, саясат салаларының негізгі кілті - білім.

Білім - бүкіл әлемде тұлғалы әлеуметтік-экономикалық үдеріске тиімді қатысуын қамтамасыз ететін негізгі фактор.

Мемлекет құрылысында идеологиялық саланың қазіргі сәтте ауадай қажеттігін әсіресе білім саласында жастар арасындағы өтпелі қиыншылықтар мен жаңа қоғамның өзгерістерін жете түсіндіру максатында «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласында Елбасымыз айқын да нақты жолдарды нұсқады. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» делінген.

Айқындап берген жолдаулармен бағыт-бағдарларды негізге ала отырып білікті білімнің күшін нағыз аренаға шығарып, белдесіп көрсететін кез келеді.

Жаһанданудың ұйытқысы болған айдынды бизнестердің қатарында, жер әлемнің түкпір - түкпіріне жеткен компаниялардың санын санап айта алмаймыз. Бұл жерде компаниялардың санын есептеп айтпақ ойымыз жоқ. Керісінше, еңбек жолдарын, өнімділігін, жетістіктері мен кемшіліктерін саралай отырып, экономикалық дамудың, бизнеспен жеке адамның еңбек ресурстарының жаңа бағыттағы табысқа жету жолдарының үлгісін көрсету.

Байтақ әлемге қанат жайып, жаһанданудың ұйытқысы болған Жапония, Корея, туғыры тастай Қытай елдері қысқа мерзімнің ішінде мейлінше асқақтады. Халықаралық бизнес ауыл-үйдің арасындағы айырбас сауда емес. Керісінше, өз халқының мұң-мұқтаждарын сезініп, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, дамытып, өркениетті ел болу мақсатымен ұлтының, Отанының абыройын асқақтатады.

Осы тарапта ең алдымен, басты қадам - ағылшын тіліне жетік жұмысшы шеруін жасақтау.

Жергілікті бизнес әлемдік деңгейге шығу үшін, алыс-жақын жұртпен араласу үшін, ағылшын тіліне басымдық беріп, озық үлгідегі технологияларды танудың салдарынан әлемдік бәсекелес елдермен қатарласа бастадық. Жаңа технологияның дамуын жеделдете түстік.

Биіктен үміті бар ел тек ағылшын тілімен ғана зор боламыз десе, қателеседі. Басқаға ұқсаймын деп, өз болмысына, өз тіліне, дініне, мәдениетіне нұқсан келтіруі ықтимал.

Батыста туып, Шығыста өркен жайған компания бизнестері, қайта өз атамекеніне шоғырлана бастады.

Осыны негізге ала отырып, Жапонияға үздіксіз қатынап, тамырлы компаниялардың менеджментін жаңа арнаға түсірген американдық оқымысты Питер Друкер: «Менеджмент әр түрлі адамдарды ортақ жоба аясында ұйыстыруға жауап беретіндіктен халықтың мәдени құндылықтарымен біте қайнасуы тиіс» - дейді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту» мақаласында халықтың мәдени құндылықтарын ата дәстүрге бейімдеу - негізгі қағида.

Заман мың құбылса да, мәдени құндылықтарымыз өзгермейтін қағида - өз Отандық рухани байлықтың көзін ашып, бұлағынан сусындап өркендеуі.

Ал ел жастарының міндеті -қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылым жасақталған жобаларды жүзеге асыру жолында ақыл-ой, білім күшін аямай, ел игілігі үшін еңбек ету.

Соңғы жаңалықтар