Білім гранты: Елімізде қандай квоталар қарастырылған

«Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5 пайызы қарастырылған.
Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға - 1 пайызы, сондай-ақ І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1 пайызы көзделген», - делінген министрлік мәліметінде.
Сонымен қатар ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және Қазақстан азаматтары болып саналмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.
«Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен I, II топтағы мүгедектігі барлар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота гранттар санының 1 пайызын құрайды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, биыл 80 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді.