Білім күні 6 жаңа мектеп ашылды - ШҚО

Әсіресе, Білім күнінде биылғы оқу жылында жаңа ғимаратта оқитын алты мектептің оқушылары мен ұстаздарының қуанышында шек жоқ.
Биылғы мереке күні Тарбағатай ауданындағы Қарасу, Бозша, Жамбыл ауылдары, Ұлан ауданындағы Привольное, Украинка ауылдары және Күршім ауданындағы Қойтас ауылының оқушыларына ерекше сый жасалды.
Сондай-ақ аймақ білім беру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ШҚО-дағы барлық білім шаңырақтарының жаңа оқу жылына дайындықтары тексерілген.
«Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүргізілді. Мектепті қабылдау облыстың барлық оқу бөлімдерінде ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін тағы 23 білім нысанын ашу жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.
Ақпараттық орталықтың деректеріне қарағанда, 2014 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстанда тағы 16 жаңа мектеп және 4 балабақша ашылады. Жалпы өңірде 48 білім беру нысанының құрылысы жүруде. 2015 жылы 13 мектеп, 1 балабақша салынбақ. Сондай-ақ «Геологиялық барлау колледжінің» жатақханасы жаңғыртылады.