Білім министрі оқушылардың мектеп формасы қандай болу керектігін айтып берді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мектеп оқушыларының мектеп формасын тігетін отандық өндірушілердің көрме-форумы өтуде. Онда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушылардың мектепге киетін формасы қандай болу керектігін айтып берді.

Білім министрі оқушылардың мектеп формасы қандай болу керектігін айтып берді (ФОТО)

Министрдің айтуынша, ата-аналар Қазақстанда оқушылар үшін бірыңғай мектеп формасының енгізілуін құптап отыр.

«Біз бұны қуана айтамыз. Ата-аналардың сөзі бойынша, форма балалардың сырт-келбетін көріктендіреді, тәртіпке салады, оқуға мән беруге ықпал етеді, балаларды теңестіреді. Оқушылар форма олардың тұлғалық даралықтарын еш кемітпейді», - дейді ол.

Е.Сағадиев, сонымен қатар, әр мектепте өзіне тән форманың болғанын дұрыс көретіндігін және оны қолдайтындығын айтты.

«Меніңше, ол дұрыс, әр мектеп дараланып тұрғаны дұрыс. Мектепті оқушылардың формасынан-ақ тануға болса, ол тіпті жақсы. Себебі форма мектеп брендіне айналуы тиіс. Сондықтан мен оны қолдаймын. Дегенмен олар жалпыға бірдей іскерлік стильдің нормаларына жауап беруі керек, біздің балаларымызды дұрыс дресс-кодқа үйретуі тиіс», - деді Е. Сағадиев.

null null null null null null null null null null