Білім министрлігі колледждерде маман даярлаудың проблемаларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі негізгі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі негізгі сын-қатерді айқындадық. Бұл ретте техникалық және кәсіптік білім берудің тартымсыздығы, кадрлар даярлығында еңбек нарығын қанағаттандырмау, мемлекеттік тапсырыстың тиімсіз орналасуы, дуалды оқытуға өндірістің қызығушылық танытпауы, білім беру мемстандартын қатаң регламенттеу, материалдық-техникалық базаның нашар қамтылуы, педагогикалық кадрлардың қартаюы, мамандықтар бойынша жұмысқа тұру деңгейінің төмендегі, колледж қызметін сыртқы бағалаудың жоқтығы байқалып отыр», - деді вице-министр Мәжілісітің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда ол қазіргі кезде техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты жергілікті атқарушы органдар орналастыратынын, бұл тұрғыда өңірдегі еңбек нарығындағы қажеттіліктер ескерілетінін түсіндірді.

«Алайда өңірлерде қажеттілік еңбек нарығындағы ағымдағы бос орындар негізінде қалыптасқандықтан, мемлекеттік тапсырыс көбіне колледждер өтініміне негізделіп келеді. Кадрлар бойынша өңірлердің орта әрі ұзақ мерзімдегі экономика болжамы тұрғысында өңірлік деңгейдегі жүйелік проблема кадрлар даярлығы мен еңбек нарығы қажеттігінің теңгерімсіздігіне алып келеді. Мәселен, құрылыста қажеттік орташа есеппен 25,8 мың адамды құраса, ал оқып жатқандар саны – 6,2 мың. Ал ақпарат және байланыс бағытында 20,7 мың адам керек болса, білім алып жатқандар 8,1 мың адамға жеткен», - деді Б. Асылова.


Соңғы жаңалықтар