Білім сапасын көтеруге ауылдық жердегі мектептер де атсалысады

ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы биылғы Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөлгені мәлім.
None
None

Осы орайда білім сапасын көтеруге ауылдық жердегі мектептер де атсалысады. Бұл туралы Ақжайық аудандық білім бөлімінің бастығы Марат Абдуғажиев мәлім етті.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Ақжайық ауданының мектеп бітірушілері облыста алдыңғы көште келе жатыр. Биыл мектеп бітірушілер 650 оқушы болса, соның 619-ы білімін ҰБТ-да сынауға тілек білдіріп отыр. Бұл жаман көрсеткіш емес.

Елбасы биылғы Жолдауында білім саласы қызметкерлері алдына нақты міндеттер қойды. «Біріншіден, бүгінгі мектептерді компьютерсіз елестету қиын. Оқушылардың білімі осы компьютер арқылы бақыланады. Интернет, қашықтықтан оқыту жайы мектептерге түбегейлі енді. Десе де, «Қазақтелеком» мектептерді үздіксіз байланыспен қамтып отыр деу қиын. Сөйтіп аудан мектептерін компьютерлендіру ісін жалғастыра бермекпіз. Биыл қос жаңа мектеп салынады. Барлық жабдықтары бөлінген қаражат ішінде қарастырылған. Сондай-ақ осыған қосымша үш мультимедия жабдығын аламыз. Мектептерге алғашқы келген компьютерлер қазір ескірді, есептен шығып жатыр. Облыстық білім басқармасы қаржы көзін қарастырып, мектептердің базалық қуатын жетілдіреді деп сенеміз. Екіншіден, оқушылардың білім сапасы мұғалімге тәуелді. Олардың білімін жетілдіру үнемі назарда. Өткен жылы жоспар бойынша 250 мұғалім өз білімін көтеруге тиіс болса, 337 ұстаз өз біліктілігін арттырды. Аудан бойынша мектептер оқулықпен түгел қамтылып отыр. Үшіншіден, ауыл мектебінің біліміне күдіктене қараудың ешқандай қисыны жоқ. Өткен жылы өңірде жоғарғы оқу орнына түскен 1511грант иегері болса, соның 1006-сы - ауыл мектебінің түлегі. Биылғы оқу жылында ауданда 18 түлек «Алтын белгіге», 20 шәкірт ерекше аттестатқа үміткер болып отыр. Нәтижелі болуы оқушының өзіне байланысты. Мұғалім және жауапты. Өткен оқу жылдарында ҰБТ-да кеткен кемшіліктерді қайталамау үшін барынша тиянақты әзірленудеміз. Тест сұрақтарында кездесетін кейбір жауабы дерексіз сұрақтар мен білімге қатысы жоқ жағдайларды сұрыптап, тест орталығына жыл сайын жіберіп келеміз. Сондай-ақ 2015 жылдардан бастап «Бейінді мектепте» бейінді оқу бағдарламасына ену үшін мектеп басшылары мен мұғалімдері әлемдік білім саясатымен «қаруланғаны» қажет», - деді М.Абдуғажиев.

Соңғы жаңалықтар