Білім сапасының деңгейі студенттің өзіне де байланысты ? Н. Өтешов

Астана. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Кұлшыманов/ - Жастар саясаты қазіргі таңдағы Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі болып отыр. Оның бағыттары мен жүзеге асу жолдары туралы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне әңгімелеп берді. - Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде қоғамда көптеген серпінді өзгерістер орын алып отыр. Ал жастар болса, әлеуметтік қажеттіліктермен аз қамтылған қоғамның бір бөлігі. Осыған сай, жастармен жұмыстың жаңа бағыттары мен жоспарлары жөнінде айтып берсеңіз? -Бүгінгі таңда «Жас Отан» Жастар қанаты қоғамда көтеріліп отырған қазақстандық жас азаматтардың көкейтесті мәселелерінен шет қалған емес. Біз қазірде жастардың әлеуметтік-экономикалық орнықтылығын бағытталған бірнеше жобалар бойынша жұмыстар атқарудамыз. Жұмыс бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Бірінші ? еліміздің жас тұрғындарының атқарып отырған жұмыс орындарынан қысқарып кетпеуіне жол бермеу, екінші ? жастардың кәсіпкерлігіне қолдау көрсету және оларды дамыту. Біз Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге ниеттеніп отырмыз. Онда осы заң арқылы мүмкіндігінше жастардың құқықтары мен мүддесін қорғау механизмдерін жазуды қарастырудамыз. -Сіздің білім туралы мәселеге қатысты көзқарасыңыз қалай? -Білім саласындағы жастардың қорғалуы біз үшін өте жоғары маңызға ие. Ал бүгінгі таңда білім сапасын көтеру кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Бізді әсіресе, аймақтық білім мәселесінің жай-күйі алаңдатады. Біздіңше, әрбір жас адам жоғары оқу орнын бітірген соң 2-3 жыл көлемінде өзінің болашағын айқындап алуы қажет. Бұл ретте біз ҚР Білім және ғылым министрлігімен белсенді түрде, нақтырақ айтқанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қуанғанов Фархад Шаймұратұлымен бірлесіп қызмет атқарудамыз. -Жастарды жұмыспен қамту мәселесі бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі екені жасырын емес. Осыған байланысты сіздер тарапынан жастарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етуде қандай шаралар қолданылуда? -Мен ҚР Премьер-Министрінің блогын қарап шыққанымда, «жастар саясаты» бөлігіндегі сұрақтардың 90 пайызы еңбекпен қамту туралы мәселелер. Әрбір қазақстандық жас өмірдегі маңызды нәрсе дипломда емес, сапалы білім мен іскерлікте екендігін түсінуі қажет. Кез келген мемлекет жастарын толық қамтымайынша, алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес. Қазірде Астана мен Алматы қалаларына көптеген жастар жұмыс іздеп келуде. Соның салдарынан, өздеріңіз көріп отырғандай, қоғамда жастар арасында қылмыстар саны да арта түсуде. Жұмыспен қамту мәселесіне келсек, 2008 жылы «Жасыл ел» мен «Студенттік құрылыс жасақтарының құрамына 20 мыңнан аса студенттер тартылған. Оның 8 мыңнан астамы ауылдық жерлерден келген жұмыссыз жастар болса, 600-ден астамы жетімдер үйі мен интернат үйінде тәрбиеленгендер. Бүгінгі таңдағы олардың орташа айлық жалақы мөлшері 27-30 мың теңгені құрап отыр. Сондықтан да аймақтардан келген жастарды жергілікті билік органдары тарапынан «Жасыл ел» мен «Студенттік құрылыс жасақтары» арқылы жұмысқа орналастыру ерекше ден қоюды талап етеді. -Жасотандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстары жөнінде айтып берсеңіз? -Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біз қазірде екі ұйыммен ? «Қарсы» Республикалық жастар қозғалысы және Қазақстан студенттерінің альянсымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарудамыз. Осы екі ұйымның ықпалымен сыбайлас жемқорлықпен күресудің қандай келбетте жүргізілу керек екендігін байқадық. Біз тек жастармен ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда, жалпы тұрғындармен де жұмыс жүргіземіз. Мысалы, «Назар аудару әліппесі» жобасы тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықтық сауатын көтеруге бағытталған. Ал «Контрафакт операциясы» жобасы арқылы заңсыз аудио және бейне өнімдер өндірісіне қарсы күресеміз. Осы бағыттар негізінде біз ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, жылына екі рет сынақ кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сынақ» операциясы» акциясы өткізіледі. - Сіздіңше, бүгінгі таңда жастар алдында қандай өткір мәселелер тұр? - Сапалы білім, еңбекпен қамтамасыз ету мен тұрғын үй мәселелері әлі де жастардың негізгі көкейтесті проблемасы болып қала береді деп ойлаймын. Осыған орай, мұны жалпылама қарағаннан гөрі, мемлекеттік органдармен бірігіп, әріптестік танытқанда бұл проблемалардың шешілуі нәтижелі болады деп санаймын. - Аталған идеяларды іске асыру үшін сіздер тарапынан нақты қандай қадамдар жасалуда? -Осы проблемаларды шешу мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда бізде мемлекеттік деңгейде «еріктілер» түсінігін енгізу туралы идеямыз бар. Үкіметтік емес ұйымдардағы жас азаматтардың Еріктілік жұмыстары еңбек өтілі ретінде теңестірілу керек. Яғни жыл көлемінде өз еркімен үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс жасаған азаматтардың істеген жұмысы еңбек өтілі ретінде есептелу керек деген сөз. Егер де біз осыған қол жеткізсек, жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі көптеген мәселелер шешімін тапқан болар еді деп ойлаймын. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде де бірнеше идеяларымыз бар. Сонымен қатар біз құрылыс компаниялары мен құрылысшылар қауымдастықтарына жастар үшін арзан үйлер салуды да ұсынбақпыз. Бұған қазіргі кезде барлық мүмкіндіктер: құрылыс материалдарының бағасы төмендеп жатыр және елде жетілген инфрақұрылымымыз бар. Сонымен қоса, үстіміздегі жылдың жазғы маусымында Достастық мемлекеттерінің жастар саясатындағы мамандарының қатысуымен форум өткізілмек. Форумның негізі ұрандары түрлі бағыттар арқылы көрініс табуы мүмкін. Ол біріншіден ? еңбек нарығын көтеру болып табылатын болса, екінші ? патриотизм, үшінші ? ұрпақтар байланысы болмақ. ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңесте біз осы жақында ғана Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікпен бірлесе жасаған Жастардың кадрлық резерві жобасын таныстырдық. Осы жоба аясында біз салалар немесе аймақтар бойынша нақты ұсыныстары бар, 30-50 жас азаматты оқытуды жөн деп отырмыз. Осыған байланысты біз Қазақ ақпарат агенттігінен ақпараттық қолдауды өтінеміз. Бізге нақты ұсыныстар бергісі келетін жастар болса, [email protected] электрондық мекен-жайына жолдауына болады. Барлық идеялар мен ұсыныстард мұқият қаралады. -Рахмет!
Соңғы жаңалықтар