08:49, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
«Білім сыбайлас жемқорлыққа қарсы» - Екібастұз жастарының акциясы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда «Білім сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар акциясы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шараны «Нұр Отанның» жастар қанаты мен «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Жас белсенділер бір ай бойына қаладағы барлық оқу орындарының студенттерінің арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді. «Патриот» жастар клубы мен оқу орындарының оқытушылары арасында пікірталас ұйымдастырылады: тақырып - «Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес».