Білім және ғылым министрі Елбасына ведомствоның 2010 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы баяндады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты қабылдады.
None
None

Б. Жұмағұлов Президентке ведомствоның 2010 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

2010 жылы елімізде мектепке дейінгі мекемелердің саны 41 пайызға көбейді, 93 мектеп, 28 техникалық және кәсіптік білім беру орындары салынды, «Назарбаев Университеті», Түрк Академиясы ашылды. Білім мен ғылымға бөлінген қаржы көлемі 797 млрд.теңгені немесе ЖІӨ-нің 4,1 пайызын құрады. Қазақстан ЮНЕСКО-ның білімді дамыту индексі бойынша 4-орынды иеленді. 2010 жылы наурызда еліміз Болон процесіне кірді.

Соңғы жаңалықтар