Білім және ғылым министрі халықты Білім күнімен құттықтады

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі оқырмандар назарына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бүгінгі Білім күнімен халықты құттықтау сөзінің мәтінін ұсынады.
None
None

Құрметті  ұстаздар  мен ата-аналар!

Қадірлі оқушылар мен студенттер!

Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды! Бұл мейрамның  әрбір  адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін   бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар  жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен  ұштассын! Мыңдаған оқушылар мен студенттер,  білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені - Білім! Жаһандану процесі барысында біз білім  сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек! Сонда ғана бәсекеге қабілетті  ел боламыз.  Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды сала  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ айрықша назарында екенін бәрі біледі. ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА ҚАРАЙ 20 ҚАДАМ  атты  мақаласында Елбасы  білім жүйесін әлемдік стандарттарға жетелейтін бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. Бұл арқылы Ұлт көшбасшысы білім саласына, ұстаздар мен жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөліп отыратынын көрсетеді.

Қадірлі достар!

Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!  Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын !

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР Білім және ғылым министрі

 

 

Соңғы жаңалықтар