Білім және ғылым вице-министрі Шығыс Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарындағы жағдаймен танысты

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанға су басқан аудандардағы істің жағдайымен танысу мақсатында келген Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков пен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Исатай Сағындықовтың Өскеменге жасаған жұмыс сапарлары аяқталды.
None
None

Қонақтардың С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылық-профессорлық құрамымен болған кездесуінде апат аймағында тұратын жоғары оқу орындары студенттеріне көмектесу мәселесі талқыланды. Апатты аймақтардан келген шамамен 70 шақты студентті ағымдағы оқу жылының соңына дейін оқу ақысынан босату туралы шешім қабылданды. Оған қоса, ол студенттерге жатақханада ақысыз тұру құқығы берілді.

Вице-министр жиналғандармен елдегі білім саласын дамыту жоспарларымен бөлісті. Қазіргі кезде көптеген нормативтік құжаттар, атап айтсақ, мектепке дейінгі білім және тәрбие беру саласындағы құжаттар оңтайландыру жағына қарай бет алған. М.Сарыбеков сондай-ақ, қазіргі кезде белсенді түрде жүргізіліп жатқан Қазақстан Республикасы 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын қабылдау және талқыға салу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Кездесуде сонымен бірге, он екі жылдық білім беруге көшу және барлық білім беру кезеңдеріндегі тәрбие жұмысы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Университет ректоры Бейбіт Мамыраев жиналғандар назарын қазіргі заманғы мамандарды даярлауға, білім сапасына және Қазақстанның жоғары оқу орындарына Болон декларациясы принциптерін жүзеге асыру және сақтау бойынша нақты әрекет жасау керектігіне аударды.

Кездесуде сөз сөйлеген ғалымдар Қазақстанның Білім және ғылым министтрлігінің басшылығын Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар