«Білімді дамыту үшін» қоғамдық майданы құрылды

Оның құрамында «Аспандау» ғылыми-білім қоры, «АР-Намыс» ҚР мұғалімдерінің республикалық қоғамдық бірлестігі, Білім беру технологиялық паркі, Қазақстанның тең құқықпен тең мүмкіндік институты, «Болашақ» Республикалық жастар қозғалысы, "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қоры, «Ерікті мейірімділік қоғамы» және тағы басқа да білімді дамыту бойынша жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар еніп отыр. Майданның мақсаты - білім беру жүйесін реттеу және дамытудың мемлекеттік шараларына үкіметтен тәуелсіз қоғамдық сараптама жасау, қоғам ықпалын білім беру сапасына біріктіру. Ол: білім беруге жасалатын мемлекеттік ықпалдың барлық маңызды шараларын уәкілетті қоғаммен келісіп шешу; түпкі нәтиженің сапасын ғана реттеу құқығын өзіне қалдыра отырып, білім беру және ғылым мекемелеріне өзін басқару дербестігін беру; білім берудің мемлекеттік реттелуінің маңызды шараларын қоғамдық сараптамадан өткізу; білім беру үрдісінің барлық қатысушылары мен тұтынушыларымен белсенді сұхбат жасау арқылы жүзеге асырылмақ.
Бұл бағытта жақын арадағыіс-шаралар мен тыңдауларда мынадай мәселелерді қарамақ:
-
Ұлттық біріңғай тестілеудің тиімділігі және Білім және ғылым министрлігінің ұсынып отырған баламаларының өзектілігі.
-
мұғалімдердің есеп беру бойынша жұмысын жеңілдету және олардың жалақысын ел ішіндегі орташадан жоғарғы деңгейдегі жалақыға дейін көтеру.
-
Білім және ғылым министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың қоғаммен қатынасу кезіндегі және білімді қаржыландыруға қатысты ашықтығы мен айқындығы.
-
Білім және ғылым министрлігіне қарасты үлестес қоғамдық кеңестер мен басқа да мекемелердің тәуелсіз қоғам алдында есеп беруге міндеттілігі.