08:44, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Билл Гейтс өз балаларына iPod және iPhone құрылғыларын пайдалануға тыйым салады
ВАШИНГТОН. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өз балаларына бүгінде әлемде кең танымал болып отырған iPod және iPhone құрылғыларын пайдалануға тыйым салады екен.
Оның зайыбы Мелинда Гейтс ханымның айтуынша, олардың балалары - 6 және 12 жастағы екі қызы мен 9 жасар ұлы - бүгіндегі ең танымал смартфондарды пайдалану мүмкіндігінен айрылған, себебі оларды Microsoft компаниясының негізгі бәсекелесі Apple компаниясы шығарады екен. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Біздің үйімізде барлық нәрсеге рұқсат бар. Тек балалаларымызға пайдалануға тыйым салынған екі ғана бұйым , олар - iPod және iPhone. Мүмкін бұл қатал шығар, бірақ мұндай әрекетке баруға негіз бар», - дейді Мелинда Гейтс.