Билл Гейтс тағы да АҚШ-тың ең бай адамы атанды - «Форбс» журналы
Американдық бай-манаптардың бұл тізімінде өткен 12 айда анау айтқандай өзгеріс болмағанын айта кету керек. Тізімнің басында, 2009 жылдағыдай, «Майкрасофт» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 54 миллиард долларға бағаланып отыр, бұл былтырғы көрсеткіштен 4 миллиард долларға көп. Екінші орында - инвестор және Гейтстің көптеген қайырымдылық жобаларының тең авторы Уоррен Баффет тұр. Оның байлығы 45 миллиард долларға жеткен.
АҚШ-тың ең бай адамдарының үштігін "Оракл" корпорациясының атқарушы директоры Ларри Эллисон түйіндеп тұр, оның есепшотында 20 миллиардтай доллар бар.
Қызығы сол, «Форбстың» бағалауынша, американдық бай-мамандар, дағдарысқа қарамастан, байи түсіп отыр. Олардың байлықтарының жалпы жиынтығы 8 пайызға артып, 1,37 триллион долларды құраған.