Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан – Канада матчында жеңімпаз анықталды.
Бүгін жекелей сында Қазақстанның екінші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингіде 130-орындағы Бьянку Андреескумен шеберлік байқасты.
Канадалық теннисші кезінде 4-орынға дейін көтерілген, 2019 жылы АҚШ чемпионы болған.
Бірінші партияда Андрееску 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте басымдылық таныта білді – 7:6 (7:5). Екінші сетте Андрееску есе қайырды – 6:3.
Шешуші, үшінші партияда тай-брейкте Юлия жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).
Үш сағат 40 минутқа созылған аса тартысты матчта Путинцева 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Андрееску 2 эйс, 5 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Путинцева есепті 3:1-ге жеткізді.
Сөйтіп Қазақстан әйелдер құрамасы 22-27 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Юлия Путинцеваның жарысты жеңіспен бастағанын жазғанбыз.
Билли Джин Кинг кубогында Канадамен матчта Қазақстан құрамасы алға шықты.