Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстанмен матчта АҚШ алға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан — АҚШ матчы өтіп жатыр.

Юлия Путинцева
Фото: ҚТФ

Кортқа алғашқы болып рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро шықты.

Бірінші партияда Наварро 7:5 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Путинцева есе қайырды — 6:2.

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қос бірдей матчболды пайдалана алмады — 6:7 (6:8).

Тартысты бәсеке 2 сағат 30 минутқа созылды.

Осылайша, АҚШ құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан — АҚШ матчында кімдер ойнайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар