Былтыр 92,4 мыңнан астам шетелдік Моңғолияның электронды визасын алды
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы 92 427 шетел азаматы Моңғолияның электронды визасын алды.
Есепті кезеңде 25 720 шетелдікке Моңғолияда тұруға ықтиярхат беріліп, 40 922 адам қолданыстағы ықтиярхат мерзімін ұзартты.
Қазіргі уақытта Моңғолия экономикасы негізінен минералды шикізат экспортына тәуелді. Ішкі туризмді ілгерілету ұлттық экономиканы әртараптандырудың ең қолжетімді шешімі ретінде қарастырылады.
2024 жылдың 9 қазанында Моңғолия Үкіметі 2028 жылға дейін «Моңғолияға баратын жылдар» туристік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру туралы шешім қабылдады.
2021 жылдың 1 қазанында Моңғолия шетелдіктер үшін электронды виза қызметін іске қосты.
Қазіргі уақытта елге қонақ, іскерлік немесе туристік мақсатпен келетін 99 елдің шетелдік азаматтары Моңғолияға электронды виза ала алады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Моңғолияға Ресеймен бірлесіп жол салуы мүмкін.