Былтыр елде табиғи және техногендік апаттардан 744 адам көз жұмған

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр елімізде 744 адамның ажалы табиғи және техногендік апаттардан келген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы қоршаған орта ахуалы туралы ұлттық баяндамасында айтылған.

Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстардың алдын алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

— Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша 2023 жылы табиғи және техногендік сипаттағы 12 891 төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, салдарынан 1 942 адам зардап шекті. Оның 744-і қайтыс болды, — деп жазады министрлік сарапшылары.

Министрлік мәліметі бойынша таулы аймақтарды үдемелі игерудің салдарынан кейінгі 5 жылда көшкін қаупі бар аумақтардың саны 599-дан 619-ға дейін өскен.

— Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің саны 2 еседен астам, тұрғын үйлер саны 1,8 есе өсті, — деп жазылған құжатта.

Былтыр елде тіркелген өрт саны 2022 жылдың көрсеткішінен аз болғанымен, шарпыған аумағы әлдеқайда көп болған.

— 2023 жылы тек республиканың орман қорында 810 орман өрті болды (Павлодар облысы — 207, Абай ауданы — 191, Ақмола облысы — 107, Шығыс Қазақстан облысы — 77, Қостанай облысы — 50, Қарағанды облысы — 45, Алматы облысы — 30, Солтүстік Қазақстан облысы — 27, Қызылорда — 24, Ақтөбе — 18, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу — 7, Атырау — 6, Түркістан — 5, Шымкент (1), Ұлытау (1). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орман өртінің саны 1%-ға, өрт аумағы 13%-ға, материалдық шығын 7,9 есеге артты. Сондай-ақ, 2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда дала өрттері санының 48%-ға азаюы, ал олардың аумақтарының 27%-ға ұлғаюы байқалады, — деп жазады министрлік мамандары.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы метросында мерт болған зағип жолаушының құлаған сәті видеоға түсіп қалған.

Соңғы жаңалықтар