15:09, 12 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алматы метросындағы трагедия: оқиғаның бейнежазбасы тарады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метросының рельстеріне 26 жастағы зағип жігіт құлап, қайтыс болған болатын.

«Абай» метро бекетінде болған қайғылы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Онда 26 жастағы жігіттің вагондар арасындағы ашық тұстан рельске құлап кеткенін көруге болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында зағип жолаушы рельске құлап, мерт болғанын жазғанбыз.
Одан кейін жолаушы қаза болған «Абай» метро бекеті уақытша жабылғаны хабарланды.
Сондай-ақ, Алматының метро бекеттерінде биыл 70-тен астам қауіпті заттар табылғанын жазған едік.
Бұдан бөлек, Тәуелсіздік күніне орай Алматыда отшашу болмайтыны айтылды.