02:20, 05 Шілде 2024 | GMT +5
Былтыр еліміз бойынша 35 мыңнан аса тұрғын үй нысаны салынған
АСТАНА. KAZINFORM — 2023 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 7 612,8 млрд. теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
«2023 жылы 38 017 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 35 304 нысан тұрғын үй болса, 2 713 нысан өзге мақсатқа салынған құрылыс обьектілері. Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,8 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,8% өсті», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана халқының саны 1,5 миллионға жуықтағанын жазған болатынбыз.