Былтыр еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам пациент емделді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,4 млн.астам тұрғын стационарлық ем алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 87 мың жағдайға көп, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекет кепілдік берген көлемнің шеңберінде емделген науқастардың жалпы санынан 1 млн.пациент медициналық көмек алды, МӘМС жүйесінде 2,4 млн. жағдай емделіп, 2023 жылмен салыстырғанда 76 мың жағдайға өсті.

Стационарлық деңгейде 928 мың операция жүргізілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға немесе 35 мың жағдайға асып түсті.

Жыл басынан бері қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің есебінен көрсетілген компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) сияқты 1 млн.астам қымбат зерттеулерден өтті.

Осы қызметтер ұсынылған 500 мың пациенттің 45 мыңы онкологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеуден өтті.

МРТ және КТ – бұл әртүрлі аурулар мен патологияларды ерте сатысында анықтауға, сондай-ақ ағзалар мен тіндердің жағдайын бағалауға көмектесетін маңызды диагностикалық әдістер.

Бұған дейін Денсаулық сақтау саласында артық әкімшілік реттеу азаятынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар