Былтыр қазақстандықтар eGov арқылы 44 млн қызмет алған

АСТАНА. KAZINFORM – eGov жүйесі 2023 жылы қазақстандықтарға 44 миллионнан астам электронды қызмет көрсеткен. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкіметтің көшпелі отырысында мәлім етті.

eGov
Фото: Kazinform

- Бүгінде цифрландыру азаматтардың өмір сүру салаларының барлығын қамтып отыр – бұл денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, құқықтық қолдау.
2023 жылы 44 миллионнан астам қызмет көрсетілді, - деді ол.

Сондай-ақ, ол екі мыңнан астам мектеп оқушыларға тегін тамақты электронды негізде рәсімдеу жүйесіне қосылғанын айтты. 

- Мемлекеттік дәріханалар жүйесі 100% осы жүйемен қамтылған, 1,5 миллионнан астам рецепт өңделіп, берілді, - деді Жаслан Мәдиев.

Еске салсақ, eGov жүйесінде виртуалды көмекші пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар