Былтыр қылмыс жасау 12,5 мыңға азайды – ІІМ
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында өткен жылғы жұмыс нәтижесі талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.
- Өткен жылы қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 8 мыңға азайған. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген, - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ ел аумағында қылмысты азайтуға азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар мен ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру маңызды рөл атқарған.
- Сонымен қатар жасөспірімдердің қоғамдық орындарда және қару қолдану қылмыстары азайды. Заманауи тергеу әдістерін енгізудің арқасында қылмысты ашу көрсеткіші өсті,- дейді ведомстводан.
Бірер күн бұрын ІІМ кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесінің ұсталғанын хабарлаған еді.