Былтыр күзетшілер 17 қылмыс жасаған

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха күзетшілердің қолымен жасалған қылмыстардың статистикасын атады.

Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетшіге қатысты сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

Күзет қызметін жетілдіруге арналған заң жобасын талқылау кезінде депутат Аманжол Әлтай күзетшілерден зардап шеккен тұрғындардың көбейіп кеткенін мәселе етіп көтерді.

Игорь Лепеха ондай фактіге жол берген күзетшілер заң аясында тиісті жазасын алып жатқанына сендірді.

- Бүгінгі таңда біздегі күзет ұйымдарының штатында 95 мың күзетші есепте тұр. 2023 жылы күзетшілердің қолымен 18 қылмыс жасалды. 2024 жылы 17 қылмыс тіркелген. Яғни, қылмыстың санын күзетшілердің санына бөліп қарасақ, соншалықты жоғары емес.

Күзетші де қылмыс жасаса, кез келген азамат сияқты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік арқалайды, - деді министрдің орынбасары.

Ресми мәлімет бойынша, елдегі күзет ұйымдарының қолында 22 мыңнан астам қару бар.

 

Соңғы жаңалықтар