Былтыр Өзбекстан әлем елдерінен $200 млн жуық гуманитарлық көмек алды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өткен жылы 30 ел Өзбекстанға 197,84 млн долларға бағаланған гуманитарлық көмек жіберген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстан экономика және қаржы министрлігінің мәліметінше, гуманитарлық көмектің 83,6%-ы мына 5 елдің үлесінде:
Германия - $71,38 млн (жалпы көлемнің 36%);
Қытай - $27,47 млн (13,9%);
АҚШ - $23,23 млн (11,8%);
Бельгия - $22,62 млн (11,4%);
Швейцария - $20,76 млн (10,5%).
Оның ішінде денсаулық сақтау саласына - $169,23 млн, әлеуметтік бағытқа - $1,24 млн доллар, экология және қоршаған ортаны қорғауға - $943,2 мың, білім саласына $247,2 мың бағытталған.
Еске салайық, 2022 жылы Өзбекстан 27 елден келген 193,6 млн доллардың гуманитарлық көмегін қабылдаған еді.