Былтыр өзбекстандық диқандар 9 млн тоннаға жуық астық жинады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Былтыр Өзбекстандық диқандар 8,8 млн тоннадан астам астық жинады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

бидай, астық
Фото: Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға көп.

Статистика агенттігінің мәліметінше, астық жинау көрсеткіші бойынша Ферғана облысы (998,5 мың тонна) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Самарқан (903,3 мың тонна) мен Қашқадария (893,5 мың тонна) өңірлері жайғасты.

Бұл ретте Сырдария (578,4 мың тонна), Науаи (266,2 мың тонна) облыстары мен Қарақалпақстанның (345,5 мың тонна) диқандары ең аз өнім алған.

Еске салайық, былтыр көктемгі су тасқынына қарамастан, Қазақстанда 26,7 млн тонна астық жиналды. Бұл — кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың қазанында Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев еліміздің бидай экспорттайтын нарығы тарылып бара жатқанын айтып еді.

Соңғы жаңалықтар