Былтыр жолдың сапасына қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлініп жатқанын айта келе, сапаның сын көтермейтінін мәлім етті.

Былтыр жолдың сапасына қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен
Фото: Антикор

- Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы. Өткен жылы азаматтардан ресми түрде осы мәселеге қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр.

- Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет. Бүгін отырыста айтылған цифрлық шешімдерді ел аумағына кеңінен таратуға болады, - дейді ол.

Бұған дейін Үкімет басшысы елімізде жаппай жол апаты жиілеп кеткенін айтты. 

Сонымен қатар Олжас Бектенов БҚО әкімін жол сапасына қатысты сынады. 

Соңғы жаңалықтар