11:09, 03 Сәуір 2025 | GMT +5
Биньямин Нетаньяху халықаралық қылмыстық сот ордеріне қарамастан Будапештке келді
АСТАНА.KAZINFORM - Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Будапештке келді, деп жазады ВВС.

— Венгрия Халықаралық қылмыстық соттың мүшесі және Нетаньяхуды әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алу туралы халықаралық сот ордерін орындауы керек, деп жазады Times of Israel. Алайда, премьерді әскери қарауыл күтіп алып, қонақүйге шығарып салды.
Айта кетейік, өткен жылдың 21 қарашасында Халықаралық қылмыстық сот (ХҚК) палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қолбасшысы Мұхаммед ад-Дейфті қамауға алуды талап еткен болатын. Ол сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Галантты тұтқындауға ордер берді.
Осыған дейін Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен Галантты қамауға алуға ордер бергенін жаздық.