Бір акушер бір жүкті әйелге көмектесуі керек, бізде бес не одан да көбіне қарайды - тұжырымдама

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы перзентханаларда ота жасайтын акушер-гинеколог мамандар тапшы. Мұндай мәселе Ашық НҚА порталында жарияланған ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2024-2030 жылдарға арналған «Әрбір әйел - әрбір бала» тұжырымдамасында көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Перзентханаларда кадрлар тапшылығы, оның ішінде ота жасайтын акушер-гинекологтердің жетіспеушілігі байқалады. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету кезінде командалық тәсіл жеткіліксіз қолданылады. Босану кезінде әйелге сапалы және үздіксіз көмек көрсету үшін 1 акушер - 1 жүкті әйел арақатынасын сақтау қажет. Біздің елімізде бір акушерге 5 немесе одан да көп жүкті әйелдер келеді», - деп мәселе көтерілген тұжырымдамада.

Бұған қоса, босану кезінде нәрестенің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін заманауи аппараттар жетіпсейді.

«Құпиялылықты сақтау - серіктестік босануды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде босанудың тек 40%-ы серіктестің қатысуымен болады. Сондай-ақ, босану кезіндегі нәрестенің жағдайын бақылауға арналған аппаратурамен қамтамасыз ету деңгейі төмен», - деп жазылған құжатта.


Соңғы жаңалықтар