Бір апта ішінде еліміздегі азық-түлік бағаларында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ

Дегенмен, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасына қатысты бірқатар өзгерістер тіркелді. Атап айтқанда, Қостанайда қияр 11 пайызға, келісі 450 теңгеден 400 теңге, ал Алматыда 338 теңгеге дейін арзандады. Қияр бағасының арзандауына сатылымдағы өнім мөлшерінің ұлғаюы мен көтерме сауда бағаларының төмендеуі әсер еткен. Ал Астанада пияз бағасы 14 пайызға келісіне 118 теңгеден 134 теңгеге дейін қымбаттады. Бұған сатылымда биыл өсірілген жаңа пияздың пайда болуы әсер еткен.
Сонымен қатар, Алматыда қырыққабаттың келісі 150 теңгеден 135 теңгеге дейін арзандады. Бағаның арзандауына өнім мөлшерінің ұлғаюы мен көтерме сауда бағаларының 14 пайызға төмендеуі себеп болды. Қостанайда сәбіз бағасы келісіне 95 теңгеден 105 теңгеге қымбаттады. Бұған сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарының ұлғаюы әсер етті.
«Астанада қызылша 19 пайызға қымбаттап келісі 147 теңге болды. Бұған да сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарының ұлғаюы себеп болған. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 8 пайызға келісіне 97 теңгеден 105 теңгеге дейін қымбаттады. Сонымен қатар, елордада мөңке балықтың келісі 13 пайызға арзандаған. Бұл ретте нарықтың арзан (мөлшері кішілеу) балықпен қанығуы өнімнің арзандауына себеп болды», делінген баспасөз баянында.