Бір аптада 3,4 мың қылмыс жасалды - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Апта ішінде елімізде 3,4 мың қылмыс тікелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір аптада 3,4 мың қылмыс жасалды - ІІМ
«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3404 қылмыс жасалды. Оның 2 039-ы тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіру қылмысын, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, 4 қарақшылық, сондай-ақ 40 тонау және 465 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.