Бір аптада елімізде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – министрлік
«Бір апта ішінде елімізде 3 092 қылмыс жасалды, оның 1 909-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 29 тонау және 508 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық онлайн брифингіде.
Сонымен бірге, 1 шілдеден бастап ел бойынша 16 тергеу изоляторын медициналық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтті.
2021 жылы 19 шілдеде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойған еді, оның аясында тергеу изоляторлары мен ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету функциялары Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.