Бір аптада елімізде қандай қылмыстар жиі тіркелді – ҚР ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің брифингінде соңғы аптада елімізде жиі тіркелген қылмыстар аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3055 қылмыс жасалды, оның 1978-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің - 8, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің -3, қарақшылықтың - 3, тонаудың - 20 және бөтен мүлікті ұрлаудың - 488 фактісін ашты», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Сонымен бірге өткен аптада Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президент қабылдауында ішкі істер органдарының бірінші тоқсандағы жұмысын қорытындылады. Елдегі қылмыс деңгейі 13% төмендеген. Бұл ретте тонау, ұрлық және бұзақылық саны 37% азайған.


Соңғы жаңалықтар