Бір аптада медициналық пойыздар 3 мыңнан астам адамды тексеруден өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған акция аясында 2015 жылғы 23 наурыз және 22 сәуір аралығында «Менің Қазақстаным» имидждік пойызымен бір уақытта шыққан «Денсаулық», Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары республиканың 42 темір жол стансасына баруды жоспарлауда.
None
None

2010 жылдың шілде айында іске қосылған консультативті-диагностикалық пойыздары біздің елімізде көлік медицинасының дамуына бастау болды. Бұндай аумақты әлеуметтік жоба алғаш рет Мемлекет басшысы мақұлдаған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар және Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес іске асырылды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, медициналық пойыздардың арқасында шалғайдағы стансалар мен разъездердің тұрғындары қажетті диагностикалық тексеруден өтеді, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті мамандарында емделеді. Акцияда халыққа жан-жақты медициналық көмек көрсету көзделген. Пойыздар заманауи диагностикалық медициналық жабдықтармен жарақталған. Әр медициналық пойызда 18 мамандық бойынша жоғары және бірінші біліктілік санатындағы дәрігерлер жұмыс істейді.

Алматы қаласынан жіберілген «Денсаулық» пойызы медициналық пойызы Алматы мен Жамбыл облыстарының 15 стансасына қызмет көрсетеді. Астана қаласынан шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды облысының 20 стансасы тұрғындарын тексеруден өткізуге жіберілді. Ақтөбе қаласынан бастау алған «Жәрдем» пойызы Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының 7 стансасы тұрғындарын қамтуды жоспарлауда.

2015 жылғы 24-29 наурыз аралығында медициналық пойыздардың мамандары 12 стансаның халқына медициналық көмек көрсетті, 3036 адам, оның ішінде 575 бала дәрігерге қаралды. Дәрігерге келген адамдардың саны 21 272-ні құрады. 12 286 диагностикалық зерттеу жүргізілді, 130 шағын амбулаториялық ота жасалды. Маммологқа 395 әйел адам қаралды, 583 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. Жұмыс нәтижесінде пойыздар мамандары әртүрлі аурумен ауырған 2786 адамға, оның ішінде 454 балаға медициналық көмек көрсетті.

2010 жылдан бастап конультативті-диагностикалық пойыздар республикадағы барлық өңірдің 820 стансасына барды. Мамандар 228 899 тұрғынды тексеруден өткізді. Медициналық пойыздардың жұмысы жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар