Бір аптада жол инспекторлары 5 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу фактісін тіркеді

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Астанада бір аптада жол полициясы инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзудың 5 мыңнан астам фактісін анықтап, жолын кесті.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

«Көлікке мас күйінде отырған 37, жылдамдықты шамадан тыс асырған 451 жүргізуші ұсталды, 219 адам қауіпсіздік белдігін тағынбаған. Жолға қоқыс тастаған 318 тәртіп бұзушы, сондай-ақ, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзған 391 жүргізуші мен рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 318 жаяу жүргіншіге ескерту жасалды», - делінген ақпаратта.

Бұдан басқа, 12 жол-көлік оқиғасы орын алды, 1 адам қаза тауып, 10 адам жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар