Бір әулеттің 11 адамы суға кетті: Судан шығарылған 3 адам ауруханада жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Сырдария суынан табылған 3 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Дәрігерлердің айтуынша, баршасының жағдайылары жақсы. Қазір қажетті ем-домдарын алып жатыр.

«Оқиға күні судан құтқарылған үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі 49 жаста болса, қалғаны 8 және 9 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, бірқалыпты. Ал, одан бөлек, 2 жүкті әйел медициналық көмекке жүгінген. Олар суға түспеген, тек оқиғадан қорқып қалған. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды» - делінген Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, Түркістан облысында Сырдарияға шомылған 11 адам суға батып кетті.

Олардың баршасы бір әулеттің адамдары.

Ал, кеше құтқарушылар Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі тапты.


Соңғы жаңалықтар