Бір-біріне соқтығысқан екі ұшақтың видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Хартума әуежайында Судан әуе-әскери күштерінің Ан-32 және Ан-26 ұшақтарының соқтығысқан сәті түсірілген видео жарияланды, оқиғаның егжей-тегжейін жергілікті Sudan Tribune порталы хабарлаған.

Бір-біріне соқтығысқан екі ұшақтың видеосы жарияланды

Бейнежазбада ұшақтардың бірі екіншісін қуып жетіп, оған қалай соғылғаны көрініп тұр. Бір қызығы, әуе кемесінің екеуі де бір ұшып-қону жолағынан  ұшқан.

Сондай-ақ видеодан екі ұшақтың та қатты зақымданғаны байқалады.

Sudan Tribune мәліметтерінше, оқыс оқиға салдарынан Хартума әуежайы бірнеше сағатқа жабылған. Судан елінің ӘӘК болған оқиғаға еш түсініктеме бермеді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы да хабарланбай отыр.