Бір демалыста - 24 өлім: Қазақстан жұлдыздары халыққа үндеу жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жұлдыздары көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір демалыста - 24 өлім: Қазақстан жұлдыздары халыққа үндеу жасады

Үндеу жасауға оншақты адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғаларының жиілеуі себеп болды.

Бейнеүндеуді әртістер, актерлер, журналистер, спортшылар, блогерлер мен вайнерлер жазды.

Олардың мақсаты – қазақстандықтарды жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақыру.

Мәдениет, теледидар, спорт қайраткерлері әлеуметтік челленджді ықыласпен қолдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамайтын әріптестеріне жеткізді.